ауыл жайлы

Лепсі ауылының құрылуы Түркісіб темір жол магистралінің құрылуынан басталған, құрылысқа жан жақтан бүкіл Союзден адамдар келіп жұмыс істеген, басында олар палаткада бір – бірден кейбірлері отбасыменде тұрған, біздің ауылдың тұрғылықты адамдарымызда еңбек терін төккен.

Лепсі
Бүкіл жұмыс қолмен жасалған,техниканың орнына аттар мен түйелер болған.Осылай атауы жоқ шағын разъезд пайда болды,темір жол арықарай созылып кеткеннен кейін тұрғылықты халық саман,қамыс,талдардан туыстарына,достарына жақынырақ үйлер салып, егін егіп, алма, бидай еге бастаған, әрине, егіннің бәрі Лепсі өзенімен суғарылған. Осылай темір жол жұмысшыларын қамтамасыз ететін совхоз пайда болады, темір жол арқылы жеміс-жидектерді тасымалдап сатқан.

Егіннің саны көбейгенненсоң ауылға Республиканың көркіне айналған Элеватор салынады.Элеватор салынғанмен оны толық жұмыспен қамтуы өте қиын болды, өйткені бидайды 150-200 километр қашықтықтан атарбамен және бұқаарбамен тасыған.Осы ақаусыздықты еске ала отырып ауылға автобаза салынады да осылай тағыда бір еңбекшіл ұжым пайда болады. Автобаза жүргізушілері бастарына фурашка, үстілеріне былғары күртеше киіп сол кездегі ұшқыштар секілді болып танылған, сондықтан олар көліктері сынып қалған жағдайда оны өздері жасамай арнайы слесарь көлік жұмысшыларын шақырған.Осылай жұмыс орындары көбейіп адам саны да аса түсе бастады.

Енді көліктер, техника пайда болғаннан кейін жұрт үйлерді, көп бөлмелі жатақханаларды сала бастайды.Көзге сенбес тез өсіп кеткен разъезд 1938 жылдын 14 қарашасында солкездегі ССРО-ның Жоғарғы Кеңесінің бұйрығымен жұмыскер ауыл атағына ие болады. Бүкіл жұмысты кадағалап басшы болған Ауылдық Совет, 1938 жылы Ауылдық Советтің бірінші хатшысы болып Құсаин Дадамбаев болып тағайындалған.
1940 жылы район орталығы болған Бөрлітөбе порты жабылып, Лепсі жаңа район орталығы болады. Жабылған порттың халқы Лепсіге көшіп қоныс аударады, өздерінің үйлерін бұзып құрылыс заттарын да ала келедіде Лепсіге салады.Осылай енді Лепсіде кірпіштен салынған ғимараттармен үйлер пайда бола бастайды, адам саны өсіп базарлар ашылып күн көріс жеңілдейді. Екі клубта кино көрсетіліп адамдар лық толған.
Осылай 1941 жыл келеді, соғыс басталып ауданнан 6685 адам, Лепсіден 1835 ерлер соғысқа аттанады, жұмыстын бәрі тоқтап қалмауы үшін заводтарға әйелдер мен кәмелет жасқа толмаған жастар жұмыс істейді, олар күніне 12 – 14 сағат еңбек етіп халқы үшін тер төккен, соғыс бастала салысымен Лепсіге Союздан эвакуацияға ұшыраған халықтарды алып келеді, олардың ішінде: орыстар,украиндар,еврейлер мен немістер болады.

Тұрғылықты тұрғындар келген халықтын тілін білмеседе өздерінің қонақ жайлығын білдіріп бірге жұмыс жасап бірге қиыншылықтан өтеді. Келген халыққа пана беру керек болды, жұмыс және киім, осының бәрін қолға алған сол кездегі Ауылдық Советтін бірінші хатшысы Ысқақ Нүсіпов атамыз болған.

Лепсі
Ауылдық округінің әкім аппаратында 4 мемлекеттік қызметкер және келісім шарт бойынша 5 қызметкер жұмыс жасайды. Жыл басынан жеке сұрақтармен 200 адам қабылданып сұрақтары қанағаттандырылды.Жыл бойы әр түрлі мәселелермен 15 жиын өткізіліп, бірқатар мәселелер талқыланды.Азаматттардың өтініштері мен ұсыныстары үшін әкімшілікте арнайы жәшік қойылған.

Округте 3568 тұрғын бар, Лепсіде 684 үй,  2756 адам, Көкжиде 152 үй, 663 адам, 6-ты разъезде 32 үй, 149 адам, зейнеткерлер саны – 389, мүгедектер саны –149, көп балалы отбасылар саны 59, 0-5 жастағы бьалалар саны- 287, 6-10 жастағылар саны – 269, 11-14 жастағылар саны-182,15 жастан жоғары саны-117, жұмыс істеуге қабілетті тұрғын саны – 2300, оның жұмыспен қамтылғандар саны – 2236, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны –1447, аз қамтылған отбасылар саны – 143.

1.Әлеуметтік сала бойынша 2015 жылдың 11 айында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 64 адам тіркеліп, қоғамдық жұмыс атқарады.  Жыл басынан ауылдық округте  балалы отбасына берілетін көмекті 8 отбасы, яғни 292 мың теңге алды, атаулы әлеуметтік көмек 7 отбасы, яғни 1 млн 177 мың теңге алды,өздері жылытатын үйлерге алынатын тұрғын үй көмегін 2015 жылы 40 отбасына 2 млн 600 мың тенге төленді. Ауылдық округте 7 мүмкіндігі шектеулі балалар үйде көмек көрсетіледі. Онда 2 әлеуметтік қызметкер жұмыс жасайды. Сонымен қатар, үйінде жалғыз басты 10 қарияларға да әлеуметтік қызметкерлер тағайындалған. Олар азық-түлік жеткізіп беріп, үй ауласын тазалап, үй ішін әктеуге көмек көрсетеді.

Округте әкімдік жанынан құрылған ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі, жастар ұйымы, үйлестіру комиссиясы, мемлекеттік атаулы көмек көрсету жұмысшы тобы, ақпараттық насихат топ және іскер әйелдер кеңесі жұмыс жасайды. Сонымен қатар округте қоғамдық кеңес құрылған. Қоғамдық кеңес 20 адамнан тұрады. Қоғамдық кеңестер жергілікті маңызы бар мәселелер бойынша ауыл тұрғындарының ұсыныстарын қарап, шешімін беріп отырды.

Білім беру саласы бойынша

Округте 3 орта мектеп бар. 2015-2016 оқу жылында жалпы алғанда 525 оқушы білім алуда. 2015-2016 оқу жылында барлығы 38 түлек бітірді. Оның 5 жоғарғы оқу орнына грант иегер болды. 21 бала жоғарғы оқу орындарында ақылы бөлімдерге, 8 бала колледждерге оқуға түсті, 2 бала Отан қорғаушылар қатарына қабылданды. Келесі жылы Ушинский орта атындағы мектепте 25 балаға шағын орталық ашылуы жоспарлануда.Ыстық тамақпен 100 пайыз қамтылған. 2014-2015 оқу жылында ұлттық бірыңғай тестілеуге № 54 ОМ 100 пайыз қатысты, аудан бойынша 26 мектеп ішінен ҰБТ көрсеткішінде 1 орынға ие болды. 1 алтын белгі иегері бар. 8 бала 100 ұпайдан жоғары көрсеткішіне ие болды.  2 баға алған бала жоқ. Межеге 50 баллдан төмен алған 1 оқушы. 2015 жылы К.Ушинский атындағы орта мектеп күрделі жөндеуден өтті. Материалдық техникалық базасы жаңартылды. Үш мектепте де жаңа модификациядағы кабинеттермен жабдықталған, қазіргі талабына сай деңгейлік курстан өткен мұғалімдер саны арттып келеді. Оқушылар оқулықпен 100 пайыз қамтылған. Ел басымыз айтқандай: сапалы тәрбие мен білім келешекке үлкен инвестиция, осы қағиданы есте сақтап біршама жетісотіктерге қол жеткіземіз деп сенемін. Биылғы оқу жылына мақсаттар мен міндеттер айқындалды, яғни облыс және республика көлемінде олимпиада жүлдегерлерін дайындап, ҰБТ жақсы көрсеткіш көрсетуіне жұмыс жүргізілуде. Ерікті ОМ күрделі жөндеуге құжаттары дайындалуда.

Мәдениет және спорт

Ауылдық округте 5 мәдениет нысаны бар. Олар: Лепсі ауылында 235 орындық Мәдениет үйі бар. Онда ауылдық кітапхана, қонақ үй орналасқан. Мәдениет үйінде «Наурыз» әжелер ансамблі және домбыра, драма, ән және би үйірмелері жұмыс істейді., бұл үйірмелерге 60 адам қатысады. Бокстан 1 спорт секциясы жұмыс істейды., оған 18 адам қатысады. Кітапханада 58941 дана кітап қоры бар. 2014 жылы жаңадан 330 кітап түсті 2000 оқырман бар. М.Төлебаев мұражайында 1516 экспонат бар. Көкжиде ауылында 1 клуб, 1 кітапхана. Клуб үйі үйі күрделі жөндеуді қажет етеді.

Биыл біз тарихы тереңде жатқан тамырлы халық екенімізді баршаға әйгіледік. Ұлы далада ұлт атауымен мемлекет құрған бабалар рухына тағзым еттік. Жаңа қазақстанның қалыптасуына негіз қалаған Ата Заңымызды ұлықтадық. Бақ-берекеміздің ұйытқысы- Қазақстан халқы Ассамблеясының беделін биіктеттік. Ардагерлерімізді ардақтап, Ұлы Жеңістің мән-маңызын ұрпақтың санасына сіңірдік. Қазақстың үшінші ғарышкері көк жүзіне самғап, мерейімізді өсірді. Саудамыз сапалы, тауарымыз тартымды болуы үшін Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше болдық. Биылғы Президент сайлауында бірлігі бар ел екенімізді тағы да дәлелдедік. 2015 жылы ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы болғандықтан, 200 іс-шара жоспарланып өткізілді. Ауыл тұрғындары өткізілген шараларға толығымен ат салысып қатысты.

Биыл Тәуелсіздіктің 25 жылдық белесіне шығамыз. Ширек ғасырлық шежіреміз бізді мерейлі мемлекет ретінде әлемге танытты. Бағытымызды белгілеген Ұлт жоспары ұлағатты жолға бастап келеді. Осыған орай ауыл болып дайындық жұмыстарын бастап кеттік. Ұлт жоспары 100 нақты қадам бағдарламасын жүзеге асыру барысында аппаратта көшпелі семинар өткізілді.

Туризм

Туризм бойынша Балқаш көлі жағалауында 17 демалыс нысаны бар. Биылғы жылы Балқаш көлі жағасындағы демалыс аймағының бас жоспарының сметалық құжаттары негізінде жаға жайдың инфраструктуралық жұмысы басталады.
Туризм саласын дамытуға, оның ішінде «Балқаш» көлінің бойын игеруіне, инвестиция әкелуге инвесторларды тартуға көңіл бөлемін. 2014-2018 жылдарға Алматы облысы Сарқан ауданы Лепсі тіректі ауыл елді мекенінің кешенді іс-шаралар жоспары жасалды.
Биылғы жылы 6 млн 316 мың теңге инвестиция тартылды. Сонымен қатар «Сәтті»  шағын маркет іске қосылды, екінші қабатында қонақ үй салу жоспарланған, жұмыстар жүргізілуде.

Денсаулық сақтау бойынша

Округте 4 денсаулық сақтау мемекелеріне жұмыс істейді. Онда 51 медициналық қызметкерлер, оның ішінде 7 дәрігер, 46 орта буынды медқызметкерлер еңбек етеді. Денсаулық сақтау мемекелері жедел жәрдем автокөлігімен, телефон, компьютермен қамтамасыз етілген. 1 дәріхана қызмет етеді, 40 төсек орын, күндізгі бөлімде 5 төсек орын. 2015 жылы 20 адам қайтыс болды, 52 бала дүниеге келді. Былтырға есептік кездесуде денсаулық саласы бойынша айтылған ұсыныстар: дәріхана ашылды, дәрігерлермен толық қамтамасыз етілді.

Тәртіп сақтау

Аймақтық полиция бөлімшесінде 8 адам қызмет етеді. Округ бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жөнінен барлығы 154 адамға хаттама толтырылып, 55 адамға айыппұл салынды. Барлығы 16 қылмыс тіркелді, барлығы ашылды. Халықпен 2 кездесу өткізілді. Қойылған сұрақтары қанағаттандырылды.

Төтенше жағдайлардың алдын-алу жұмыстары жоспар бойынша жүргізілуде. Осы мақсатта 12 адамнан тұрақты ерікті жасақ құрылды. Шаруа қожалықтарының басшыларымен дала өртінен сақтану үшін, техникаларын үнемі дайын ұстауға жән аыл тұрғындарымен ақпараттық түсінік жұмыстары жүргізіледі.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша ірі қара 120 пайызға орындалды. 2015 жылы 3822 мүйізді ірі қара бас болды. Аналық – 1800, қой ешкі 12070 бас, аналық 6200, жылқы 560 бас, аналық 200 бас, түйе 74 бас, аналық 40 бас. Құс 7350, тауық 1475 бас, иттер 200 , мысық 115.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие алған «Нұрқанат» шаруа қожалығы 5 бас асыл тұқымды бұқа алды. «Көктем» шаруа қожалығында 146 бас «Гемпшир» асыл тұқымды қой өсірілуде. Мал тұқымдарын асылдандыруға өз үлестерін қосып отыр. Округтегі малдың барлық түрі мал дәрігерлерімен профилактикалық бақылаудан өтеді.Бірдейлендіру жұмысы өз деңгейінде жүргізіледі. Мал қорымы бар. ауыл шаруашылығында мал басының өсуіне және асылдандыру жұмыстарына көңіл бөлу қажет.

«Жұмыспен қамту -2020» екінші бағыты бойынша 4 адам жеңілдетілген несие алды, ірі қара малдарымен қой-ешкі сатып алып асырауда. Үшінші бағыты бойынша 1 адам жастар практикасына қамтылды. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 18 бен 29 жас аралығында 37 жастар маусымдық жұмысқа қабылданды. 1 мүмкіндігі шектеулі азамат ақылы қоғамдық жұмысқа қабылданды. Жазасын өтеп келген 4 адам ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылды. Бүгінгі күнге 27 адам жұмыспен қамтылып, оның 8-і тұрақты жұмысқа қабылданды. Сонымен қатар жаңа жұмыс орындары ашылды. Шаштараз-1, наубайхана – 3, көлік жүргізуші – 1, жұмысшы – 2 қабылданды. Ауылдық округке 4 дәрігер, мектептерге 8 мұғалім жұмысқа қабылданды. Округ бойынша жеке шаруашылықтар саны- 35, жеке кәсіпкерлер саны 40, ауыл шаруашылық техника саны 47.

Салық төлемдерінің барлық түрінен белгіленген жоспар орындалды. Атап айтқанда , мүлік салығы – 64304 теңге, жер салығы – 179360 теңге, көлік салығы 2 млн теңгеге орындалды. Барлығы 150 пайызға орындалды. 2015 жылдың сәуір айынан бастап жергілікті өзін-өзі басқару органдарына салықтардың 4 түрі берілді: төлем көзінен ұсталмайтын жеке табыс салығы, мүлікке, көлікке салық, жеке тұлғалардан жер салығы. 2016 жылы салықтардың 2 бері берілді: заңды тұлғаларға салынатын жер салығы, заңды тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық.Осыған орай орта және шағын бизнесті дамыту жұмыстары жүргізілуде.

Байланыс саласы бойынша Округте 716 телефон тартылған, оның 667 тұрғындарға, 49 мекемелерге тартылған. Қажет еткен тұрғындар интернет желісімен қамтылған. Округте Лепсіде де, Көкжиде де пошта бөлімшелері бар. ауыл тұрғындарына уақытында газет- журналдар тарату, зейнетақы, жалақы, жәрдемақы тарату өз деңгейінде жүргізіледі. Шағым арыз болған жоқ. Разъезде ОТАУ ТВ телехабары толығымен қамтылған, Қаратас разъезінде телефон байланыс жұмысы жүргізілуде. Әкімшілік ғимаратында халыққа қызмет көрсету орталығы бір терезе қағидасы бойынша қызмет етеді. Жергілікті тұрғындардың сұранысын қанағаттандырады.

Тұрғын-үй коммуналдық қызметі

Ауылдың ажары-тазалығында» демекші мәселесі әрдайым назарда. Елді мекендерді көркейту жылда қолға алынып, жұмысшы топ құрылып, санитарлық айлықтары бойынша жұмыс жүргізіледі, сенбілік өткізіліп қорытынды шығарылып отырады. Алдағы уақытта безендіру жұмыстары жалғасын табады. Округте жалпы ұзындығы 21,5 шақырым су жүйесі тартылса, оның ішінде Лепсі ауылында 14 шақырым, 80 үй, 10 мекеме суға қосылды. Көкжиде ауылына 2014 жылы 7,5 шақырым су құбыры жүргізілді. Сонымен қатар, разъездерге темір жол арқылы Үштөбе қаласынан арнайы вагондармен әкелетін тасымал сумен қамтамасыз етілген. Судың сапасы талапқа сай. Арнайы орнатылған ауызы бекітілген ыдыстарда сақталады және көктем, күзде су тазартылып, хлорландырылады.

Ауылдық округтегі 1747 шақырым жолдың 1518 шақырымы қатты төсеммен жабылған. Ауылдыі ішкі жолдарының тозығы жеткен, биылғы жылдың көктем айында ауыл жастарының күшімен Ахметов, Қаптағаев, Сатпаев, Айша биби көшелеріне тас төгіліп, ретке келтірілді. Осы жұмыс әлі жалғасын табады.

Лепсі – Көкжиде ауылдары тұрғындарын бау – бақша суармалы сумен қамтамасыз ету мақсатында Лепсі өзеніне бөгет платина құрылысына көмек қажет. 2016 жылға негізгі жоспар: қонақ үй, мал сою орынының құрылысы, Балқаш көлі жағасындағы демалыс аймағын дамыту жұмыстары жүргізіледі, ауыл шаруашылығын дамытуда жұмыстар атқарылады., аббатандыру, жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі., тұрғындардың «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша төмендетілген пайызбен несие алуына көмек көрсетіледі және жастар практикасына тарту жұмыстары жалғасын табады.

Достарыңызбен бөлісіңіз