Ауылымыздың тұрғындары ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесін тамашалап қайтты. 

Жуырда Лепсі ауылының тұрғындары белсенділік танытып 50 адам Елордамыз Астанада өтіп жатқан ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесін тамашалап қайтты. 

Аталмыш көрмеге барған мекеме қызметкерлері және мектеп оқушыларының өте қызықты, ауқымды, жарқын, әдемі әрі қайталанбас деңгейде басталып, бүкіл әлем көз тіккен шарды өз көздерімен көріп,  инновациялық жобалармен жақын танысқандарын айтып, өз алған әсерлерімен бөлісті. Олардың айтуынша, шетелдіктердің көрмеде ұсынар қызықтары көп болды. Әр елдің ұлттық салт-дәстүрі, музыка және ұлттық аспаптағы әуендері жадынан ұзақ уақыт бойы кетпесі анық.

 

Г.Қожахмет,

Лепсі ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы.