Ауыл Әкімі

Сарқан ауданы, Лепсі ауылдық округінің әкімі
Серікбаева Гульнар Мұратқызы

Lepsy.kz

Байланыс

  •   8 728 43 2 14 32
  •   8 702 583 36 44
  •   lepsy_akimat@mail.ru
Армысыздар, ардақты жерлестер!
Қадірлі сайт қонақтары!

Сіздерді Сарқан ауданы, Лепсі ауылдық округінің әкімдігінің блог-тұғырнамасында көргеніме қуаныштымын Жаңа интерактивтік ресурс арқылы сұхбаттасу және кері байланыс орнату әкімшілік тосқауылдарды азайтуға, мемлекеттік органдардың жұмысын бақылауды күшейтуге, халыққа қызмет көрсетудің сапасын арттыруға себін тигізетініне, ал біздің ынтымақтастығымыз екі жаққа да пайдалы әрі қызықты болатынына сенімдімін. Өздеріңізді толғандырған сұрақтарыңызды қойып, тілектеріңізді қалдыруды және ой-пікірлеріңізбен бөлісуді ұсынамын. Барлық сұрақтарыңызға тұшымды жауап ала аласыздар. Осылай ғана біз кемшіліктерді жойып, жұмыстың сапасы мен нәтижесін жақсарта аламыз. Сонымен қатар, осы блог-тұғырнама арқылы қалалар мен аудандар әкімдерінің, облыстық басқармалар басшыларының жеке парақшаларына кіріп, оларға өз сұрақтарыңызды қоя аласыздар. Кері байланыстың блог арқылы ғана болмауы үшін өз байланыс телефондарыңызды қалдыруды сұраймын. Бұл қажет болған жағдайда сіздермен байланысуға көмек болмақ.
Серикбаева Гулнар Муратовна 1967 жылы 30 маусымда Лепсі ауылында дүниеге келді.
Білімі: жоғары.
Еңбек өтілі: 30 жыл.
Санаты: жоғарғы.
Мамандығы: тіл және әдебиет.
1988 жылы К.Д.Ушинский атындағы орта мектепте орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі ретінде жұмысқа қабылданды. 1997-2007 жылдары аталған мектепте мектеп директорының орынбасары болған.
2007 жылдан 2015 жылға дейін мектеп директоры лауазымын атқарды.
2012 жылдан 2014 жылға дейін Сарқан аудандық маслихат Депутаты.
2015 жылдан Лепсі ауылының Әкімі.
Марапаттары: 2000 ж. «Ең үздік оқу ісінің меңгерушісі» 2002ж. Білім және ғылым Министрлігінің «Алғыс хаты» 2003ж. «Үздік ұстаз» номинациясының төс белгісі 2004ж., 2005ж., 2006ж. Аудандық, Облыстық Білім басқармасының Құрметті граммотасы 2007ж. «Қабанбай» медалі 2013ж. М.Төлебаев 100 – жылдығына мерекелік медалі 2013ж. Облыстық «Нұр Отан» партиясының Құрметті граммотасы 2014ж. Маслихат депутат 20 – жылдық мерекелік медалі 2014ж. Н.Ә.Назарбаевтың «Құрмет граммотасы» 2015ж. Конституция 20 – жылдық мерекелік медалі.

Әкімге сұрақ қою

Өтініш формасын толтырыныз, сұрағыныз қарастырылған соң жауабы сайтта шығады

Сіздің аты жөніңіз:
Телефон немесе Емайл:
Қандай сұрағыныз бар?

Сұрақ жауап

  • 26_Наурыз
  •    

Азамат Алмазов

Саламатсызба сізге қояр сұрагым, не себепті ауылымыздын емханасында дәрі дәрмек жоқ және не себепті көп балалы
отбасыға көмек көрсетпейді дарі дәрмектерін беріп, рахмет сізге
ГОБМП «Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі» бұйрығы бойынша ауруханада дәрілер бар. Осы тізімге еңбеген дәрілерді науқастар сатып алады. Мысалы: лизин – эсцинат, милдронат, актовегин, кавинтон бұл тізімде жоқ. Көп балалы отбасылары тікелей дәрігерге ескерту керек және әкімшіліктен құжат әкелу керек. Немесе аурухана меңгерушісіне жағдайын айтып ескерту керек. Артериалды гипертония, қант диабеті, ХОБЛ, асқазан жарасы, жүректің ишемия ауруы, жүрекке ота жасаған, созылмалы ІІІ-дәрежедегі бүйрек және жүрек ауруларына тегін дәрі – дәрмектермен қамтамасыз етіледі.