Әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматы жайлы

Лепсі ауыллық округіне қарасты Көкжиде ауылында Əлеуметтік көмек Жүйесін жаңғырту туралы ауыл əкімі  атаулы əлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматын түсіндірді

«Ең төменгі күнкөріс шегін де қайта қарастыру керек. Ол қазақстандықтардың нақты тұтынушылық шығыстарына сәйкес келуге тиіс. Бұл қадам 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы, мүгедектерге және асыраушысынан айрылған отбасыларға арналған жәрдемақы, мүгедек бала тәрбиелеп отырғандарға берілетін атаулы көмек пен жәрдемақы көлемін 3 миллион адам үшін өсіруге мүмкіндік береді», – деген болатын Президент.

«2018 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету шегін ең төменгі күнкөріс шегінің 40%-ынан 50%-ға дейін өсіріп, оның жаңа форматын енгізу керек», – деді Елбасы.