Ұлы мерекеміздің қарсаңында

Ел тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналған мерекелік шаралар кеңінен қанат жаюда. Айтулы мереке Сарқан ауданы, Лепсі ауылының Мәдениет үйінде үлкен дәрежеде аталып өтті.

Ауылымызда тәуелсіздікке арналған салтанатты жиын еліміздің әнұранын шырқаудан басталды. Тәуелсіздік күні еліміздегі аса маңызды ұлық мереке саналатыны хақ. Қазақ елі Тәуелсіздіктің 26 қысқа ғана жолында үлкен жетістікке жетті, әлем таныған беделді елдердің қатарына енді. Сондықтан да тәуелсіздік мейрамының ел өмірінде алатын орны бөлек. Оны еліміздің жер-жерінде айрықша бір салтанат жасап өтілуде.

«Отанымыздың мемлекеттілігін нығайтудағы қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айта отырып, баршаңызды Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Барша шаңырақ баянды бақ-дәулетке кенеліп, елімізде ынтымақ салтанат құрып, ырысымыз ортаймасын! Ауылымызды көркейтуге бағытталған еңбектеріңіз жемісті болсын!» – деп ауыл жұртшылығын жылы лебізімен құттықтаған ауыл әкімі Гүлнар Мұратқызы тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерінде ауылдарда да мол үлес бар екеніне тоқталды. Мұнда әрбір ауылдастардың қосқан үлесі, еңбегі бар екенін атап өтіп, барша жерлестерді үлкен мерекемен құттықтап, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше еңбегін сіңірген азаматтарды марапаттады.

Шара соңы ауылдық мәдениет қызметкерлерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.

 

Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Өркениет көшіне ілескен халқымыз гүлдене көркейе берсін!

 

Мадина АЙТОВА.

Лепсі ауылы.