МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ –САПАЛЫ ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК!

2018 жылдың 1 қаңтарынан Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі енгізіледі.

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап әр-бір азамат сақтандыру қорына жарна төлеуге міндетті!!!

Қорға жарна аудару үшін әрбір адам қай санатқа жататынын анықтау қажет!

 

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТӨМЕНДЕГІ КӨРСЕТІЛГЕН САНАТТАРЫНА ЖАРНАНЫ МЕМЛЕКЕТ ТӨЛЕЙДІ:

1) балалар;

2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;

3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

4) іс жүзінде үш жасқа толғанға дейінгі баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;

5) бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтімі бойынша демалыста отырған адамдар;

6) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтімді жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;

7) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;

8) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі ең төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;

9) тергеу изоляторларындағы адамдар;

10) жұмыс істемейтін оралмандар;

11) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар;

12) мүгедектер;

13) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі оқу бөлімінде оқитын адамдар;

14) оқуды аяқтағаннан кейінгі келесі күнтізбелік үш ай ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі оқу бөлімінде оқуын аяқтаған адам.

ЕГЕР ОТБАСЫ МҮШЕСІ:

• Жұмыс беруші, дара кәсәпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушы, адвокат, кәсіби  медиатор, азаматтық-құқықтық шарт бойынша табыс алатын жеке тұлға болса, Қорға аударымдар мен жарналарды 2017 жылдың 1 шілдеден бастап төлеуге тиіс.

•Жалдамалы қызметкерлердің жарна төлеуді бастау мерзімі – 2019 жылғы 1 қаңтар.

•Белсенді емес халық қатарында болса 2018 жылдың 1 қаңтарынан төлеуі тиіс.

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР жалдамалы қызметкерлері үшін 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жарна төлеуге міндетті.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна уақытылы төленген жағдайда жоғарыда көрсетілген медициналық көмек түрлерінің барлығы қолжетімді болады.

Ол үшін:

–           жергілікті емханаға тіркелуге тиіссіз! (05.04.2017 ж.- 30.06.2017ж. аралығында)

–           міндетті жарналарды бекітілген уақытта төлеуге тиіссіз!

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша толық ақпаратты төмендегі байланыс құралдары арқылы Абай даңғылы №27 «Денсаулық үйі» ғимаратынан  жұмыс уақытында ала аласыздар.

Бірыңғай байланыс орталығы – 8 7242 400001

Веб-сайт: http://fms.kz/index.php/ru/

Facebook: https://www.facebook.com/fondosms/