Қазақстандық оқушыларға түймелі телефон ұстау ұсынылды

Білім және ғылым министрлігі түрлі мемлекеттік органдардың қатысуымен жасөспірімдер жайын талқылады. Онда желіде тараған,  оқушыларды өз-өзіне қол салуға итермелейтін ойындардан балаларды аулақтандыру жолдары айтылды,-деп жазды Tengrinews.kz.

Білім және ғылым министрлігінің балалар құқығын қорғау мәселелері бойынша қызметкері Балия Акимбекова Жол картасы аясында жасалған жаңа жобаны ұсынды. Ол бойынша жасөспірімдер мен кәмілеттік жасқа толмаған балалармен психолог және педогог мамандары тығыз жұмыс істеуі керек.

Оның сөзінше оқушылар арасындағы өз-өзіне қол салу оқиғасы осы бастаманың арқасында жыл санап азайып келеді екен. Мысалы, 2015 жылы 201 оқиға тіркелсе, 2016 жылы 175 өз-өзіне қол салу жағдайы болған. Ал өзіне қол салуға бару, яғни әрекеттену жағдайлары 20,7 пайызға азайыпты.

«Біздер Ақпарат министрлігіне уақыт өткізбей желідегі «өлімге сүйрейтін» топтардың жұмысын тоқтатуды сұрап хат жаздық. Сондай-ақ БАҚ арқылы осы ойындардыңғ қауіпті екенін жұрт назарына жеткізуіміз керек. Педогогтар мен ата аналарға, оқушыларға смартфон ұстаудға тыйым салып,оларды ең қарапайым түймелі телефонға ауыстыру дұрыс шығар. Мектептерде осы мәселені түсіндіру жұмыстары жүргізілуі керек»,-деді балия Акимбаева Білім және ғылым министрлігінің балалар құқығы мәселесі бойынша қызметкері

«Бұл мәселеде біз шетте тұрып қалмаймыз. Ата-аналарға “WhatsApp” арқылы хаттар жолдадық. Алдымен баланың көңіл-күйі мен өзін ұстауына отбасында көп көңіл бөлінуі керек. Мектеп психологтарының санын көбейтіп, олардың жұмысын күшейту қажет»,-деді отбасы және отбасылық құндылықтар бойынша Қазақстан ата-аналар қауымдастығының президенті Амина Жомартқызы.

«Балалар мәселесінде ата-аналар, педогогтар, мемлекеттік мекемелер бірлесе жан-жақтан жұмыс істелмесе нәтиже болмайды»,-деді прокурор Жаслан Балтабеков.Жамбылда екі мектеп оқушысы қауіпті «Синий кит» ойынының құрбаны бола жаздаған. Абырой болғанда жергілікті құқықтық орган олардың өмірін аман алып қалды. Оқушылардың бірі онлайн ойынның екі тапсырмасын бұлжытпай отрындап та үлгерген екен. Қазақстандағы оқушылар өлімінен кейін тиісті органдар қауіпсіздік шараларын күшейте бастады.Суицидке итермелейтін «Синий кит» ойынынан соң ІІМ ғаламторда бақылауды күшейтті. Ал Қарағандылық 19 жастағы қыз осы ойынды ойнап асылып қалған.