Талдықорғанда керемет Салтанат сарайы ашылды

Салтанат сарайының ашылу рәсімі 15 жас жұптың орындауындағы «Махаббат вальсі» биімен басталды. Сарайдың ашылуына алтын (некелескеніне 50 жыл толған) және лағыл (брилиант (некелескеніне 60 жыл толған) тойларын атап өткелі отырған 2 отбасы қонақ ретінде арнайы қатысты.
Көпшілікті қуанышты сәтпен облыс әкімі А. Баталов құттықтады.

Ғимараттың лентасы қиылғаннан кейін қатысушылар мен шара қонақтары неке қию залына өтіп, осы сарайдың табалдырығын алғашқы болып аттаған 2 жұптың неке қию рәсіміне куә болды. Облыс басшысы жас отау иелеріне және шаңырақ көтергендеріне 50 және 60 жыл болған шараның құрметті қонақтарына естелік сыйлықтар табыстады.

Салтанат сарайының іші алтын түспен әсемделген, жапсырма әшекейлермен әрленген. Күйеу жігіт пен қалыңдыққа арналған бөлмелер, неке қиюға арналған салтанатты зал, қонақтарға арналған күту залы, 160 орынға лайықталған мейрамхана, кең холл, жиын өткізетін зал бар.