Универсиада – 2017. Алина Райкова – Универсиада чемпионы!

Сүйінші! Қазақстан құрамасының қоржыны 1 алтын 1 күміс 1 қола медальмен толықты. Биатлоннан әйелдер арасындағы 15 шақырымдық жекелей сында Алина Райкова Универсиада чемпионы атанды. Алина Райкова 59:48.7 минут нәтижесімен үздік нәтиже көрсетті.

Күміс медаль да қазақстандық спортшы Галина Вишневскаяға бұйырды. Қола медальды украиналық биатлоншы Надилла Велькина жеңіп алды. Ал Дарья Усанова мен Елизавета Вельченко 4 және 5 орындарды өзара бөлісті. Конькимен жүгіру спорты бойынша 1500 шақырымдық қашықтықта Екатерина Айдова Универсиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Айта кетейік, Алина Райкова – Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы жеңімпаз.